Кеше еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр жауды. Жауғанда да шелектеп құйды. Шымкентте бұршақ аралас жаңбыр жауған. Осы жаңбырды қазақстандық технологиялық компания қолдан істеп отыр дегенді естіп шок болдым.
Өздеріне хабарлассам жасанды жауынды 31 шілдеден кейін бастағанбыз деді.
«Негізінде жаңбыр жаудыруға 2 аптадан аса уақыт кетеді деп есептейміз. Орта Азияға циклон тартуға аз уақыт кетпейді. Негізгі су әкелудің қайнар көзі Атлант мұхиты, Парсы бұғазы мен Солтүстік мұзды мұхиты дейді. Біздің басты міндет Орта Азияға, соның ішінде Қазақстанға су тарту. Каспи мен Аралдың төбесінен тоқтамай жаңбыр жаудырып, толтыру» дейді өнертапқыш Алтай Айнабек.
Биыл елімізде қуаңшылық қатты болды. Бірнеше облыстың шаруалары шығынға батты. Жаздың басында жасанды жаңбыр жаудыру технологиясын неге пайдаланбасқа?