Qazyr.kz
Qazyr.kz порталы
Басты ақпарат

Ринат Зайытовқа ақпараттық және психологиялық шабуыл басталды

Ринат Зайытовқа ақпараттық және психологиялық шабуыл басталды,бұған “Қазақстанда алаяқтықтардың 80 пайызын намаз оқитындар жасайды”,-деген мәлімдемесі себеп болған,- деп хабарлайды QAZYR.KZ  ақпарат агенттігі.

Кейінгі екі күнде маған қарай екпінді
ақпараттық және психологиялық шабуыл басталды.Оны өзім де күткенмін. Себебі, оған етім үйренген.Мұндай шабуылдар маған 2008, 2011, 2019-ыншы жылдары да жасалған. Жасырмаймын оңай емес.Бірақ шыдауға тура келеді. Енді сіздерге бұл технология қалай жасақталатынын түсіндіруге тырысайын.

Мысалы осы жолғы шабуылдың тақырыбы менің намаз оқып жүріп алаяқтық жасайтын адамдар жайлы айтқан сөзімді алға тартып,сол арқылы қоғамды маған қарсы қоймақ. Мақсаты белгілі. Біріншісі- мені қорқыту, екіншісі-менің жеке басыма қастандық жасалса, осы себептен екен дегізу.Сөз жоқ ақылды жүріс. Екеуінің біреуіне жеткенше олардың тоқтамайтынын да білемін. Тәуекел.Маңдайға жазғанын көреміз… бәріне бірдей бір ғана жауабым бар.Қадірлі ағайын, мен де өздеріңіз сияқты көп пенденің бірімін. Ешкімнен тығылып, ешкімнен қашып жүрген жоқпын. Қандай да бір айтарларыңыз болса, жауабын беруге дайынмын. Бар арманым елімнің дұрыс өмір сүргенін, отанымның гүлденгенін көру ғана. Ешбір топтың алдында тізерлеп кешірім сұрамаймын!

Өйткені оған себеп көріп тұрған жоқпын. Әлеуметтік желі шулады екен деп, дірілдейтін қорқақтарың мен емес. Алға қойған нақты мақсатыммен жоспарым бар. Сол жұмыстарды бітіруім керек. Мәжіліс мінберінен халыққа берген антым бар. Берілген мерзім бес жыл.Сол бес жылымды халықтың мүддесін қорғауға арнаймын. Басқасы бір жаратқанның құзырында.Түсінетін шығарсыздар деп ойлаймын,-дейді Зайытов әлеуметтік парақшасында.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтас ауылдық округіне көгілдір отын қашан келеді?Депутат Маханбет Төлебековпен сұхбат

redaktor_qazyr

Қазақстанда балалар саны нешеге жетті

redaktor_qazyr

Ақтау қалалық сотының төрағасы 18 млн пара алып ұсталып қалды

redaktor_qazyr
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты