Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Үтіктен қалған дақты қалай кетіреді?

Киіміңізді үтікке күйдіріп алсаңыз, оны лақтырудың қажеті жоқ. Киімдегі үтіктен қалған дақты кетіру үшін төменде көрсетілген кеңестерді орындасаңыз болғаны.

1. Киіміңізді үтікке күйдіріп алған жағдайда, киімдегі дақ терең болмаса, арасына уақыт салмай кір сабынмен жуыңыз.

2. Киімдегі үтіктен қалған дақты сумен сулап, үстіне ас содасын себіп қойыңыз. Сода сіңген соң дақты шетінен ортасына қарай ысқышпен абайлап тазартыңыз. Егер дақ толықтай кетпесе, әдісті қайтадан қайталаңыз.

3. Жоғарыдағы әдістер көмектеспесе, дақты жылы сумен сулап, үстіне тұз себіңіз. Мата кепкен соң, матаны тұздан щеткамен тазартыңыз.

4. Үтіктен қалған дақты кетірудің тағы бір жолы − даққа лимон шырынын құйып, үстіне қант ұнтағын себу. Қоспа кепкен соң, оны жылы суға жууыңыз керек.

5. 2:1 қатынаста сірке суын және қарапайым суды араластырып, қоспаға киімді салып қоямыз. Біраз уақыттан соң жуып аламыз.

6. Үтіктен қалған дақты кетіруге сутегі тотығы да көмектеседі. Ол үшін даққа сутегі тотығын құйып, кептіресіз. Содан соң киімді қарапайым жолмен жуып алу қажет.

Кейбір жағдайларда жоғарғы әдістердің көмегімен де кетпейтін дақтар болады. Ондай жағдайда киіміңізді химиялық тазартуға беріңіз. Бір ескерте кететін жайт, қабылдаушыға дақты кетіру үшін қандай заттарды қолданғаныңызды айтуды ұмытпаңыз!

Ұқсас жаңалықтар

Маса шағып алса не істеу керек?

redaktor_qazyr

Баланың отбасыға қарап мінезі қалыптасатыны рас па?

Redaktor Site

Жұмыртқаны күнделікті жеу зиян ба?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz