Qazyr.kz
Әмбебап

Заңгер Айгүл Орынбек дәстүр фильміне тыйым салынуын ұсынды

Айгүл Орынбек: Қыз алып қашу- қазақтың дәстүрі емес!

«Біздің елде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚМДБ тірі ме?

«Дәстүр» фильмінің экран бетіне шығуына қалайша жол бердіңдер? Кинотеатрлардан алып тастауды талап етемін!

Қазақ тарихында «Сырға салу», «Айттыру», » «Сыңсу айту» деген салт-дәстүрдің бар екенін білемін. Ал салт-дәстүрімізде қызды алып қашқанын оқымаппын. Көрші елдің дәстүрін бізге тықпалап керегі жоқ. Кинода «Қыз алып қашу» дәстүрге жатады, яғни «ол дұрыс емес», деп дінді астарлап насихаттау деп ойлаймын.

Жастарға салт-дәстүрге қарсы шығып, жек көріп, «дінді ұстаныңдар» деген ой тастаудың элементтері байқалады.

Қазақтың кез-келген отбасы жеті шелпекпен, құран бағыштауды біледі. Бірақ кинода оны да ашық көрсетпейді. Тіпті бір қарсылық эпизоды бар. Қазақтың мешітте отыратын имамында сауатсыз, надан қылып көрсеткен. Алдына «жын көріп жүрмін», деп көмек сұрап жылап барған әйелдің қолына, сүре жазып жібере салды. Кинодағы теке сақалды имам сәләфит емес пе?

«Аллаху акбар» деп аузын ашпаған әйелді, біздің шынайы өмірде молдалар үш әріппен күресуге жәй жібере салмайды негізі..

Қазақтар салт-дәстүрін ұмытпай мықты ұстану керек! Мәдениеті мен салт- дәстүрі өшпеген елдің ұлты өлмейді!

Ал дәстүрді жастарға негативті тұрғыда көрсету, елді топастындырғысы келіп жүрген арам пиғылды адамдарға тиімді.

Дін тақырыбына қатысты кино түсүріп халыққа ұсынбас бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Бас прокуратурасы / рұқсат алатын заң қабылдаңдар депуттар Ринат Зайытов, Жұлдыз Сүлейменова, Ермурат Бапи, Абзал Құспан, Мақсат Толықбай.

Хиджап, келте балақ, қауға сақал, сәләфизмге қарсы заң не болды құрметті халық қалаулылары?!»,-деді заңгер инстаграм парақшасында.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасының әнұраны

redaktor_qazyr

Денеге кірген тікенді қалай алады?

redaktor_qazyr

Студентке кеңес

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты