Qazyr.kz порталы
Қоғам

Мағжан Жұмабаев — Балалық шағы

Балалық шағы –
Патшаның тағы,
Ала алмас оны бағалап.
Көп өтпей жыл,
Тек жүрмей, біл,
Ілгергі күнді сағалап.
Үйрен білім жастықта,
Білмесең, жанға қастық та!

Білімге жүгір,
Жоқ ойдан түңіл –
Ерікке қоймай, ентелеп.
Қайтпас уақыт,
Қал дәмін татып,
Бос өткізбе еркелеп!
Жастық деген – бағасыз,
Қадірін білмес санасыз.

Жастық – алтын,
Құрып қал салтын,
Салты оның – үйрену,
Өнер қуып,
Бел бекем буып,
Надандықтан жирену!
Тұрма, қарғам, ұмтыл!
Аты өшкірден құтыл!

«Білімсіз – есек,
Опасыз» десек,
Сөйлеп, күліп жүрсе де.
Өлікпен тең,
Ит-құсқа жем,
Тірі боп ғұмыр сүрсе де.
Сондай болма, қарағым,
Даяр болсын жарағың!
Білген жан – көсем!

Сөйлесе – шешен,
Жұртты аузына қаратар.
Істегені – өрнек,
Қор қылмас ермек,
Нәрсені іске жаратар.
Білімдінің сөзі – ем,
Мейірімі көп, етек – кең!

Жұртына мақтаулы,
Сыбаға сақтаулы,
«Пәлі!» деп қарсы алар.
Іс қылар тежеп,
Жан-жүрек өжет,
Бет келгенді арсалар.
Қайда барса – сыйымды,
Білімі – мал, бұйым-ды!

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте өгей әкесі асырап алған қызын зорлап,ақшаға сатқан

redaktor_qazyr

Түркістан: «TITF – 2024» қатысушылары цирланлыру саласы бойынша тәжірбие алмасты

redaktor_qazyr

Қаңтар айында Монтайтаста қар жауады ма?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz