Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Өміріңізге керек 25 кеңес

1. Жаныңызда тек ұлы мақсаттарға жетелейтін адамдар болсын.
2. Бүгін өзгелері жасай алмайтынды жасаңыз, сонда ертең өзгелері жете алмаған табысқа жетесіз.
3. Жаныңда жүрген кезде өзіңізді барынша еркін ұстай алатын адамды жолықтырсаңыз, оны ауадай бағалаңыз.
4. Сізге пойызыңыз кетіп қалды десе, ұшақтар мен кемелердің барын ұмытпаңыз.
5. Жақындарыңызға айтқан ауыр сөздеріңіз олардың жүрегіне шегедей қағылатынын біліңіз. Ол шегені кешірім сұрап алып тастасаңыз да, орнында ойық қалады. Сондықтан шын жақсы көретін адамдарға көңіліне тиетін сөздер айтпаңыз.
6. Еш уақытта ақталмаңыз. Мейлі сүйген адамыңыз болсын, ақталмаңыз. Сізді жақсы көрмейтін адам қаралау үшін көп нәрсені ойлап табады.
7. Сіз туралы өсек сөз тараған болса, қуаныңыз. Өйткені сіз – тұлғасыз. Жаманды ешкім де аузына алмайды. Тек жақсыларға ғана көреалмаушылық танытып, сыртынан өсектейді.
8. Әйелді бақытты қыла алмайсыз ба? Онда өзге біреуге кедергі жасамаңыз. Джейрард Батлер
9. Мықты адамдар ғана кешіре алады. Әлсіздер мәңгілік кек сақтап өтеді. Махатма Ганди
10. Әйел заты мықты, батыл да батыр, айтқан сөзінен қайтпайтын ерлерді ұнататындықтан, соңына дейін күресіңіз. Олар бір жанжалға бола кетіп қалатындарды ұната бермейді.
11. Еш уақытта ақымақтармен ұрыспаңыз. Ұрысып, олардың дәрежесіне түскен кезіңізде, бұл істің нағыз маманы екендіктерін пайдаланып кетеді.
12. Жақындасу қиын, ал айырылысудың тым оңай екенін есіңізде мәңгілік сақтаңыз.
13. Ішімдіксіз қуанып, есірткісіз армандап, интернетсіз қарым-қатынаста болып, шылымсыз мазасызданып үйреніңіз.
14. Қалауыңызға сәйкес іспен айналысу арқылы өмір бойы демалып өтесіз.
15. Бұл өмірде адамдарға көп сенім артпаңыз. Көлеңкеңіздің өзі қараңғы сәттерде жоқ болып кетеді.
16. Дұрыс жауапты қателесу арқылы тапқаныңызға еш өкінбеңіз.
17. Өзіңізде болмаған затқа қол жеткізгіңіз келсе, бұрын-соңды айналыспаған іспен айналысуыңызға тура келеді. Коко Шанель
18. Жеңілген кезде жай ғана жымиыңыз. Осы сәтте жеңімпаз жеңістің дәмін сезіне алмай қалады.
19. Сізде міндетті түрде арман болуы тиіс. Міндетті түрде! Бұл сізге таңертең тұруға көмектеседі.
20. Өзіңіз еш нәрсені түсінбей кеткен болсаңыз, бірден ұйықтап алыңыз.
21. Тұрған жеріңіз өзіңізге ұнамаса, ауыстырыңыз. Сіз ағаш емессіз ғой. Джим Рон
22. Ешкімге тәуелді болмасаңыз, көңіліңізді ешкім де қалдыра алмайды. Роберт Энтони
23. Бай болсаңыз, ол туралы ойламаңыз, ал кедейлігіңізді мүлдем көңілге алмаңыз. Өмір қойылым секілді.
24. Еш уақытта адамдарға өз қиындықтарыңызды айтпаңыз. 80%-ын сіздің қиындықтарыңыз қызықтырмайды, ал қалған 20%-на олар мүлдем қызық емес.
25. Өзіңіз қалаған іспен айналысыңыз. Ал жұрттың сіз туралы пікірі өмір бойы тоқтаусыз айтылады.

Ұқсас жаңалықтар

Жауырынмен бал ашу

redaktor_qazyr

Жақсы өмір сүруге арналған қарапайым қағидалар

Redaktor Site

Кілемдегі дақты қалай кетіруге болады?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz