Qazyr.kz порталы
Қоғам

Фариза Оңғарсынова — Мен сізді ұнатамын

Мен сізді ұнатамын.
Сізді ойлаумен атады бұл ала таңым.
Жалғыз арман жанымды жайлап алып,
сенделемін, үмітпен бүр атамын.
Түк еместей әлемдік айыптаулар,
не ұмтылған асқарым — жыр, атағым.
Мүмкін ессіз осы бір сезіміммен
біреулерді өксітіп жылатарым,
не өзімді даңқтың тұғырынан
мүмкін тіпті біржола құлатарым.

Жанса бағым,
бәріне де дайынмын — қарсы аламын,
қарсы аламын үзіліп қалса да әнім —
біреулердің қүңкілін, жазғыруын,
мысқылы мен өсегін — баршаларын.
Соның бәрі тұрмайды жалғыз ғана
сәтімізге қауышар, аңсағаным,
бірге жұтар ләззатты таң самалын.

Жырлап өтем,
белді будым алдағы сынға бекем,
арпалысам, асудан-мұңнан өтем.
Сізге жетер жолымда кешем бәрін.
мені тоқтата алмайды тұлға бөтен.
Арпалыссыз, армансыз, мұңсыз күндер —
жайбарақат тірліктің құндағы екен.
Соның бәрін, бәрін де сезімімнің,
сезіміңнің жолында құрбан етем!

Ұқсас жаңалықтар

Алакөлде тәртіп орнады: Жүзу құралдарына бақылау күшейіп, жағажайлар жаңғыртылуда

admin_qazyr

Шымкентте Төтенше жағдайлар департаменті ықтимал биологиялық қауіпті нысан саналатын “М. Айқымбаев атындағы Шымкент Обаға қарсы стансасы” базасында оқу-жаттығу өткізді

redaktor_qazyr

Премьер-министр сарапшылармен экономиканы дамыту бойынша кездесу өткізді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz