Түркістан облысына қарасты Арыс қаласындағы, Арыс қалалық орталық ауруханасынан шу шықты.Бұл туралы Azatnews.kz-ке сілтеп Qazyr.kz хабарлайды.
Монтайтас ауылының тұрғыны 31-інші қаңтар, кешкұрым аяқ-асты талмасы ұстап,есін білместен жедел-жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізіледі.
Денесі сыздап ауырсынуынан оянған әйел,күйген қолын көріп шошынған.«Ауруханаға есімнен айырылып келіп,қолымнан айырыла жаздадым.Бұған қай дәрігер кінәлі?»,-дейді ол.
Ал дәрігерлердің айтуынша «Ес-түссіз жатқанда,тамырдан жіберілген екпені қозғалтып алған болуыңыз керек!»,-деп өзін кінәлі еткен.
Науқастың туыстары «Кінәлілер өз жазасын алуы керек!Біз әділдікті талап етеміз!,-дейді.
Жағдайға байланысты Түркістан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы пікір қалдырды:
Жансақтау бөлімінде барлық егулер оң қолына қойылған перфериялық катетр арқылы жасалған. Пациентің 01.02.2024 жылы жан сақтау бөлімінде қарау кезінде сол қолының білек тұсының ауырғанына шағымданды, қарау кезінде сол қолының білек тұсында тері қабатының күйген жарақаты байқалған, осыған байланысты хирург дәрігердіңғ кеңесі алынып, ем-шаралар жасалып таңу қойылды. Науқас емделу барысында күнделікті сол сол қолының тері қабатына күнделікті таңғыш жүргізіліп, 12.02.2024 жылы жалпы жағдайының бір шама жақсаруымен үйіне шығарылды. Туыстарының 05.02.24 жылғы науқастың қолының күйгеніне кім кінәлілерді жауапкершіліке тарту бойынша шағым түсіруіне байланысты Арыс аудандық орталық ауруханасының 05.02.24 жылғы №182 н/қ бұйрығына сай комиссиялық топ құрылып қызметтік тексеру жүргізілді. тексеру медбикелердің және жансақтау бөлімінің медбикелері қатысты. Сонымен қатар комиссия тобымен 31.01.2024 ж күнгі бейне бақылау ашылып тексерілді. Науқас жедел жәрдем бригадасымен қабылдау бөліміне 31.01.24 ж келген кезде сол қолының білек аймағында мақта мен жабыстырғышш қойлып келген. қабылдау бөлімінің кезекші дәрігерінің, қабылдау бөлімінің кезекші медбикелері мен жансақтау бөлімінің кезекші медбикелерінің түсінік беруі бойынша көрсетілген және қабылдау бөлімінің, жансақтау бөліміннің бейне бақылауында тіркелмегені дәлелденді. Жүргізілген тексерулер бойынша жауап 08.02.2024 жылы арыз иесіне берілді.