Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Қазақстанда А гепатитімен сырқаттанушылар саны артты

Қазақстанда А гепатитімен сырқаттанушылар саны артты.Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді,-деп хабарлайды QAZYR.KZ

2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары.

А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІНІҢ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ
А вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі.

А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІ АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

Аурудың белгілері — дене температурасының жоғарылауы, бастың ауруы, тәбеттің төмендеуі, енжарлық, жүректің айнуы, құсу.Инкубациялық кезең — 14-тен 35 күнге дейін.А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін 2 аптада және бір аптадан кейін басқаларға жұқпалы болады.

ГЕПАТИТ ИНФЕКЦИЯСЫНАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ:
-тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда, серуендегенде қолыңызды жуыңыз;

-ашық су қоймаларынан қайнатылмаған су ішпеңіз және онымен жемістер мен көкөністерді жууға болмайды;

-ластанған су айдындарында шомылуға болмайды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының таулы аймақтарына 8-ші қараша күні қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал

redaktor_qazyr

Қостанай облысының Жангелді,Амангелді аудандарында егістік алқаптарын шегірткелер қаптап кетті

redaktor_qazyr

Жалған ақпарат «Қазақстан астанасын Түркістанға көшіру туралы шешім қабылданды»

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz