Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Арыс қаласының ауруханасында қолын күйдіріп алған Монтайтастық келіншекке қаржылай көмек берілді


Фото: Azatnews.kz(келіншектің туыстары)

Монтайтас қайырымдылық қоры, Арыс қаласында ем алып жатып, қолын абайсызда дәрігерлер күйдіріп алған Монтайтастық келіншекке қаржылай көмек берді.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.

Айта кетейік,оқиға осыдан 1 ай бұрын Арыс  қалалық орталық ауруханасында орын алған еді.Арыс ауданына қарасты Монтайтас ауылының тұрғыны талмасы ұстап жедел-жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізілген болатын.Екпе салу барысында,дәрігерлер абайсызда әйелдің оң жақ қолын күйдіріп алған.Есін жиған әйел бұндай халге қалай түскенін,одан қала бере кім істегенін білмей дал болған.Жапа шегушінің туыстары әділдік іздеп Azatnews.kz редакциясына шағымданған.

Azatnews.kz редакциясы оқиға орнына тілшілерін жіберіп,қолын күйдіріп алған келіншекпен және  аурухана басшылары мен кінәлі қызметкерлерден сұхбат алып,жағдайға байланысты толық зерттеуді Qazyr.kz редакциясына тапсырған болатын.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжастың басы дауға қалды

redaktor_qazyr

Өрт сөндірушілер Ертіс орманында құрғақ ағаштар өртін сөндірді

redaktor_qazyr

Алматыдан Ыстықкөлге жаңа әуе рейстері ашылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz