Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚоғам

Қостанай облысының оңтүстігінде су тасқынынан зардап шеккен халық үйлеріне оралуда

Қостанай облысының оңтүстігінде су тасқынынан зардап шеккен халық үйлеріне оралуда

Торғай ауылындағы эвакуациялық пункттерде тұратын 600-ден астам адам өз ауылдарына қайтты. Мұндағы барлық эвакуациялық пункттер жабылды.
Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов өңірдегі жағдай туралы баяндады.
Еріген қар суы басқан аймақтардан 9099 адам эвакуацияланды. Халық азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген.

«Біржолғы әлеуметтік төлемдер төлеу басталды, сондай-ақ демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетілуде. Бүгінгі таңда 686 отбасына 126,6 млн теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленді», — деді спикер.

Су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Қаратамар су қоймасынан суды ағызу 900 м3/сек дейін төмендетілді, сондай-ақ, ағынның 1382,5 м3/с дейін төмендеуі байқалады.
Облыс бойынша су тасқыны кезеңінде барлығы 850 мың м3 астам су сорылды, 98 мыңнан астам қапшық төселді, 7,5 мың тоннадан астам инертті материалдар төгілді. 423 бірлік техника, 136 мотопомпа, 27 жүзу құралы, 4 әуе кемесі және т. б. тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Кешегі елімізде жауған жаңбыр мен бұршақтарды қолдан жаудырды

redaktor_qazyr

Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

redaktor_qazyr

Олжас Сыздықов ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz