Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Қостанай облысында су тасқынның зардабы тигендерге өтемақы төленіп жатыр

Қостанай облысында су тасқынының зардабы тигендерге өтемақы төленіп жатыр.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды.

Президент Тоқаев су тасқынынан зардап көргендерге барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

«Сіздердің бірде-біріңіз мемлекет назарынан тыс қалмайсыздар, барлығыңызға материалдық және басқа да қажетті көмек көрсетіледі, барлық материалдық шығын өтеледі», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары аталмыш тапсырманы жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Су тасқыны салдарын жою, соның ішінде зардап шеккендерге мүлікті қалпына келтіруге көмектесу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
353 үй зерттелді, оның 159-ы қалпына келтіруге жатады. Бұл үйлерге келтірілген шығын бағаланған соң, тиісті сома төленеді. Қалпына келтірілмейтін 194 үйдің орнына жаңа баспана біреледі.

Оңтүстік өңір тұрғындары және жалпы барлық халық үшін басты көмек — өлген мал үшін өтемақы болып табылады. Залалды өтеу бойынша төлемдер бағалау жұмыстарынан кейін жүргізіледі. Қазіргі уақытта 214 бас малды бағалау бойынша есептер дайын, өтемақы төлене бастаған. Су тасқыны салдарынан барлығы 951 бас мал қырылды.Зардап көрген халықты әлеуметтік қолдау жұмыстары су тасқынының алғашқы күндерінен басталған. Бүгінгі күні біржолғы әлеуметтік төлемге 1345 өтініш берілді. 715 өтініш бойынша 166 млн теңге төленді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста әскери қызметкер өзін-өзі атып жіберді

redaktor_qazyr

БҚО: Күйеуін өлтіруге киллер жалдаған

redaktor_qazyr

Шымкентте полицейлер жас келіншекті өлтірді деген күдікпен Түркістан облысының тұрғынын қамауға алды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz