Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚоғам

Мектеп оқулықтары 100% цифрлық форматқа көшірілді

​​ Оқулықтар 100% цифрлық форматқа көшірілді.Бұл туралы ҚАЗІР ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгінде мектеп оқулықтарының цифрлық форматқа көшірілу көрсеткіші 100%-ды құрайды. Оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Цифрлық оқулықтар елімізде 13 баспаның 11 платформасында әзірленуде.

«Пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында педагогтердің қолдануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Мұғалімдер сабақтарды заманауи цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, саралау мен даралауды пайдалана отырып өткізеді, сондай-ақ онлайн ресурстарды қолдану бойынша білімдерін жетілдіреді», — деп атап өтті ҚР ОАМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.

Бұдан басқа, робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 20 өңірдегі 1072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Өскеменде оқушыларға гидроэнергетика саласы таныстырылды

admin_qazyr

Дина Төлепбергенге қатысты

redaktor_qazyr

Фариза Оңғарсынова — Мен сізді ұнатамын

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz