Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазірҚоғам

Белгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев өмірден өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев 89 жасында дүние салды.

Әбдімомын Желдібаев — 1934 жылы 15 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері атанған. 30 жылдан астам уақыт «Шу еркесі» халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті.

Композитордың «Толғау», «Ерке сылқым», «Боз жігіт», «Жесір сазы», «Ыдырыс», «Аққу», «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар. Оның «Ерке сылқым» күйі халыққа кеңінен таралған.

Ұқсас жаңалықтар

Ақмола облысында 949 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды

redaktor_qazyr

Монтайтас ауылдық елді-мекенде қандай байланыс операторлары бар?

redaktor_qazyr

Әлеуметтік қызметтер порталы сала мамандарының жеке деректерімен толықты

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz