Түркістан қаласында АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылаулар өтті.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бүгін Түркістан қаласында Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша кезекті жария талқылау өтті. Жария талқылаулар өткізу бастамасы Түркістан облысының Азаматтық Альянсынан келіп, жергілікті тұрғындар, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдар өкілдері және экологиялық белсенділер тарапынан кеңінен қолдау тапты.
ҚР Энергетика министрлігінің, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Ядролық физика институты» РМК спикерлері өз сөздерінде электр энергиясын тұтынудың қарқынды өсуі аясында және елді тұрақты қамтамасыз ету үшін Қазақстанда заманауи АЭС салу қажеттілігіне назар аударды.
Талқылауға қатысушылар экологияға әсері, экономикалық аспектілері, инфрақұрылымды дамыту, кадрлар даярлау және АЭС қауіпсіздігі туралы маңызды сұрақтар қойды. Осы мәселелердің барлығын спикерлер қамтыды, бұл қатысушыларға АЭС-ті салу бойынша толық мәлімет алуға мүмкіндік берді.
Жергілікті тұрғындар энергияға қажеттіліктер мен экологиялық қауіпсіздік қағидаттарын ескере отырып, Қазақстанда АЭС салу идеясына қолдау білдірді.