Qazyr.kz порталы
ӘлемБасты ақпарат

Арыс қаласына 14 су жаңа қоғамдык көлік берілді

Арыс қаласына 14 су жаңа қоғамдык көлік берілді.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін Арыс қаласында тарихи сәт. Қаламыздың автопаркі отандық зауытта құрастырылған 14 жаңа автобусқа толықты.

Орталық Әл-Фараби алаңында өткен жаңа қоғамдық көліктерді маршруттарға үлестіру шарасына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл, «СемАЗ» авто зауытының Шымкент қаласындағы филиалының директоры Руслан Қасқарбек, «Түркістан» ӘКК АҚ төраға орынбасары Асланбек Исахов, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Шаһар басшысы жаңа автобустардың кілтін табыстап, қызметкерлерге сәттілік тіледі. Мемлекет басшысының халыққа қолайлы жағдай жасау тапсырмасы аясында қалада жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын айтқан ол барша арыстықтарды айтулы сәтпен құттықтады.

«Осыдан үш жыл бұрын, тұрғындар ұсынысымен қаламызда қоғамдық көліктерді жүргіздік. Халыққа тиімді бағада болған соң үлкен сұранысқа ие болды. Міне, Арыс халқына жайлы болу үшін автобустарды жаңартып отырмыз. Баршаңызды айтулы күнмен құттықтаймын» деді қала басшысы.

Бұдан кейін, қала әкімі №2 бағытта қатынайтын жаңа автобустардың алғашқы жолаушысы болып, тұрғындармен бірге қала ішін аралады. Жаңа автобусқа отырған жолаушылармен тілдесіп, қаламыздың өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Жаңа автобустарды Арыс қаласында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын «Arys BUS» серіктестігі «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясының сүйемелдеуімен лизинге сатып алған.

Жаңа автобустарды Арыс қаласында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын «Arys BUS» серіктестігі «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясының сүйемелдеуімен лизинге сатып алған. Сыйымдылығы 40 адамға лайықталған, Семей қаласында құрастырылған отандық заманауи жолаушы көліктері жылдамдықты шектейтін датчиктермен жабдықталған. Үш есікті, төмен еденді, электронды табломен, 5 видео камерамен жабдықталған әрі «Евро-5» экологиялық стандартына сай автобустар 1 мамырдан бастап қала халқына қызмет көрсетуге шығады.

Айта кетейік, 2021 жылдан бастап, тұрғындарының сұранысы бойынша Арыс қаласында қоғамдық көлік жүре бастады. Бүгінгі таңда 14 автобус 3 бағыт бойынша тұрақты түрде қатынап жатыр. Жолақысы да Түркістан облысында ең арзан болып саналады. Бағалары ересектерге 50 теңге, 18 пен 7 жас аралығындағы балаларға — 25 теңге болып бекітілген.

Ұқсас жаңалықтар

Марс ғаламшарының жаңа суреттері көрсетілді

admin_qazyr

Петропавлда зейнеткер 3 млн теңгесін алаяқтарға ұсынған

Redaktor Site

Акция аясында тұрғындар өз еріктерімен полицияға 100 атыс қаруын тапсырды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz