Qazyr.kz порталы
ҚоғамПайдалы кеңестер

Отағасына бата беру

Отағасына бата беру

Сөзің аталы,
Дастарқаның баталы,
Атың жоталы болсын.
Биең құлынды,
Қозың тұлымды,
Түйең боталы болсын.
Қойың егізден,
Ешкің сегізден тапсын.
Келін аяғымен,
Қойшы таяғымен жақсын.
Көңіл дилы,
Басың сыйлы болсын.
Қызың ибалы,
Ұлың милы болсын.
Қосағың Сарамжал, Айшадан ақ адал болсын.
Өзің сары тісті қария,
Дәулетің дария болсын.
Атың тұлпар,

Құсың сұңқар болсын.
Желің биелі,
Көшің түйелі болсын.
Ісің жүйелі,
Басың киелі болсын.
Қызың қияға,
Ұлың ұяға қонсын.
Сапарың сәтті,
Жегенің тәтті болсын.
Баянды болып,
Бақ, дәулет қонып,
Көңілің толсын! Әумин.

Ұқсас жаңалықтар

Өзбекстан қауға сақалдылармер күресіп жатырса,Ауғанстан көсе ерлерге шүйлігіп жатыр

redaktor_qazyr

Дұрыс тамақтанбасаңыз не болады?

Redaktor Site

10 ай бұрын жоғалған ер адамның жағдайы белгілі болды

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz