Qazyr.kz порталы
ҚоғамПайдалы кеңестер

Ер азаматқа бата беру

QAZYR.KZ: Ер азаматқа бата беру

Балаң өзіңе сай болсын,
Мыңғыранған бай болсын.
Желіден сауыны кетпесін,
Басынан қайғы өтпесін.
Алашқа атын білгізіп,
Үстіне қамқа кигізіп,
Бақыт берсін басына,
Жас қосылсын жасына.
Қызығын оның көріңіз,
Біраз дәурен сүріңіз,
Өлім ақ деп біліңіз.
Аллаһу акбар.

Құдай пейіл тарылтпасын, Қуаныштан арылтпасын, Халықым ешбір қамықпасын, Қасиеті шарықтасын! Әумин.

Көлігің міністі болсын, Көңілің ұлысты болсын. Өмірің ырысты болсын Пейілің жұғысты болсын
Әумин.

Қуаныштың тұрағы бол,
Ұлан істің бұлағы бол.
Жақсылардың шырағы бол,
Мейірімнің шырағы бол.
Сабырлықтың сыңары бол,

Пәк үлгінің шынары бол.
Туралықтың тұмары бол,
Көпшіліктің ұнары бол!
Әумин.

Ұқсас жаңалықтар

Цезарь салатын әзірлеу жолы

redaktor_qazyr

Шабыттануға арналған 20 кеңес

Redaktor Site

Наурыз айы жаңбырлы бола ма?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz