Qazyr.kz порталы
ҚоғамПайдалы кеңестер

Жастарға бата беру

QAZYR.KZ: Жастарға бата беру

Көңілің тола берсін. Арманың асқақтап,
Басқа бақ қона берсін.
Ұзақ ғұмырлы болғын.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,

Бота тірсек сіңірлі болғын. Өнерің өрелі болсын, Бақшаң сөрелі болсын, Сөзің келелі болсын, Жолың төрелі болсын! Әумин.

Қол ұстасып өтіңдер,
Армандарыңа жетіңдер.
Жемісі мол дарақтай,
Өркендеңдер, өсіңдер.
Болдыңдар ақ некелі,
Бөлінбеңдер екі елі.
Аппақ келін ұл тусын,
Айдай торсық шекелі.
Жүзге келіп жастарың,
Аппақ болсын шаштарың.
Шөбереңе ұрысқанда,
Қалтылдасын бастарың! Әумин.

Ұқсас жаңалықтар

Сүйелді қалай кетіруге болады?

redaktor_qazyr

Біз неге түс көреміз?

Redaktor Site

Silk Way арнасы Орталық Азия елдерінің ақпараттық діңгегіне айналады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz