Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚоғам

Саудагер

Баяғыда бір саудагер, екі жылқысына ауыр жүктерін артып, көрші ауылдағы жәрмеңкеге сауда жасауға бара жатыр екен. Жарты жолға жеткеде, артындағы жылқы үстіндегі жүгін көтергісі келмей әкістеніп, өтіріктен ауырсынады. Саудагер, жылқым шаршайын деген екен деп жаны ашып, жарты жүгін алдыда келе жатқан жылқыға артып береді. Быраз жол жүрген соң жаңағы жылқы тағыда әкістеніп, қисалаңдайды. Сол кезде егесі жылқы үстіндегі барлық жүгін шешіп алып, алдында келе жатқан жылқыға артады. Ал алдыңғы жылқы болса, үстіне қанша ауыр жүк артылса да былқ етпей, аяғын нық басып, ауырлыққа шыдап жүре береді. Быраз жолдан кейін жүктен босатылған жылқы, артта келе жатып тырқылдап күліпті. Бұны естіген алдыңғы жылқы:
-Неменеңе мәзсің? Қазыр ғана өлейін деп келе жатыр едіңғой,-депті
Сонда әкіс жылқы:
-Эхх досым-ай, қиындыққа қаншалықты төзіп, шыдай берсең, соншалықты сені ел қинай береді. Осындай қиын сәттерде мен сияқты амалын тауып, құтылып кетпесең, өмірің осылай азаппен өтеді -депті.
Сөйтіп, быраз уақыттан соң діттеген жәрмеңкеге де жетіп, саудагер бүгіл тауарын сатып болғасын, үйіне қайтайын деп жиналыпты. Екі жылқысын да бірдей суарып, жемін береді. Сосын, ұзақ жолға шыдамды екен, ауыр жүкті арқалағанға төзімді екен деп бүткіл ауырлықты арқалаған жылқысын қайта ерттеп мініп алады. Осал жылқысына қарап тұрып ішімен былай ойлапты:
-Егер екі жылқы көтеретін жүгімнің бәрін бір жылқы көтере алатын болса, онда екінші жылқыны артық қылып қайтем,-деп әкіс жылқысын соқаға жылқы артып, жер жыртатын шаруаға сатып жіберіпті.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте жалдамалы пәтерде үндістандық студенттердің мәйіті табылды

redaktor_qazyr

Қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап ететін кәсіпкерлерге айыппұл салынады

redaktor_qazyr

Қазақстанның паспорты екі саты көтеріліп, Global Passport Power Rank 2025 рейтингінде 52-орынды иеленді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz