Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Оқиға: Досымды өлтіріп кетті! Өлтірген адам бір ауданның прокуроры

Досымды өлтіріп кетті! Өлтірген адам бір ауданның прокуроры.

Осыдан 3 ай бұрын досымды өлтіріп кетті (суретте сұр күрткеде). Алматыдан Маңғыстауға жұмыс бабымен ауысқан еді. Білімді, әке шешесі, жақындары үміт артқан бала.Бар жоғы 1 жылда, Ақтау қаласының САЛЫҚ департаментінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.2023 жылдың 1 желтоқсанында қоңырау шалып құттықтаған едім.

Араға 9 күн салып досымды өлтіріп кетті. Жақындары араласпаумызды сұрады. Үндемедік. АП контрольда ұстап тұр деді. Үндемедік. Күттік.

Жақында соттың шешімі шықты.
Ұрып, адам өлтірген адамға 1,5 жылдық шартты жаза берді. Условно! Ойлаңыздаршы «УСЛОВНО! Өлтірген адам бір ауданның Прокуроры еді. «Задним числом» жұмыстан босатыпты.Бала шағасына бір пәтер алып беріпті! Құн төлеген болып тұр! Екі баламен қалған досымның ЖЕСІР әйелінің пәтерге келіскенін қаралай алмаймын! Бір жағынан түсіне де алмаймын!

Ал әке шешесі ше? Бауырлары ше? Достары ше? Көк тиын бізге керек емес. Әділдік болса дейміз. Бірақ, адам өлтірген адамның, шартты жаза алуына түбегейлі қарсымын! Түсіне алмаймын!Ақшаң болып, адам өлтіріп, құн төлеп жазадан құтылып кетуге болады ма? Білмеймін! Түсінбеймін! Басыма алғаш келіп тұрған жағдай! Не айтарымды да білмеймін! Жаңа Қазақстан деген еліміз осы ма? Марат бауырым, алтыным, жаның жұмақта болсын!..

Пікір иесі: Айдын Казыбек

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа әкім қалалықтарға үндеу жасады

admin_qazyr

Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық сенатор Стив Дэйнсті қабылдады

admin_qazyr

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz