Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚоғам

Шымкентте соққының астында қалған медакадемия профессоры қайтыс болды

Шымкентте соққының астында қалған медакадемия профессоры қайтыс болды.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.

Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясында «Қазақстан тарихы және қоғамдық ғылымдар» кафедарасының аға оқытушысы Бақыт Өтегенов аурухана табалдырығында көз жұмды.

Ол 15 мамыр күні бассүйегінен ауыр соққы алып,жан сақтау бөліміне түскен екен.Расталмаған ақпаратқа сенетін болсақ,оны 17 жастағы оқушы соққының астына алған екен.

«Күдікті анықталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген полиция хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

4 адамның өліміне себепші болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Redaktor Site

Жамбыл облысында мектеп дәретханасында оқушыны ұрып өлтірген жоғарғы сынып оқушыларына үкім шықты

redaktor_qazyr

Юлия Галышева әлем кубогында Қазақстанға қола медаль әкелді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz