Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Елімізде «Жазғы мектеп» басталады

27-31 мамыр аралығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі  және қыс мезгілінде қашықтықтан оқу форматы жүргізілген оқушылар үшін «Жазғы мектеп» басталады, деп хабарлайды QAZYR.KZ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Негізгі мақсат – оқушылардың білімінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру арқылы білім сапасын арттыу.

«Су тасқыны орын алған өңірлердегі 2 622 мектептің оқушылары үшін «Жазғы мектеп» аясында өз уақыттарын пайдалы өткізу мүмкіндігі берілуде. Оқыту икемді кесте бойынша қызықты форматта ұйымдастырылады. Жазғы мектеп су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұратын, сондай-ақ қыс мезгілінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқытудан өткен 832 мың оқушыны қамтиды деп жоспарлануда. Оқуға балалардың қызығушылығын тудыру мақсатында мұғалімдер баға қоймайды және үйге тапсырма бермейді», — дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

 Айта кету керек, «Жазғы мектепке» балалар өз еркімен және ата-аналарының келісімі бойынша қабылданады.

Ұқсас жаңалықтар

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп 5 бала көз жұмды

redaktor_qazyr

МӘМС жүйесі: Медицинадағы дағдарыс тереңдеп барады

redaktor_qazyr

Қол астындағы қызметкерін балағаттаған мектеп директоры жұмыстан қуылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz