Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Кентаулық оқушы ҰБТ-дан Қазақстан бойынша ең жоғарғы балл жинады

Түркістан облысы Кентау қаласының түлегі Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинады. Ол еліміздегі талапкерлер ішіндегі ең жоғарғы балл жинаған оқушы.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды.

Айдос Қожанов Хайруллаұлы 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқып, 11 сыныпта «Грант» мектебіне ауысқан.Ол болашақта математика пәнінен мұғалім болғысы келеді.

Биыл Түркістан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтінім білдірген.Облыста 32 306 оқушы 11-сыныпты аяқтаған. Оның 1 727-і — «Алтын белгіге», 2 466 оқушы — «Үздік аттестатқа» үміткер.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда көше жарығын жаңарту жұмыстары жедел қарқын алуда

admin_qazyr

СҮНДЕТТЕЙМІН ДЕП ЖЫНЫС МҮШЕСІН КЕСІП АЛДЫ

redaktor_qazyr

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» іс-шарасында 23,5 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz