Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Мәсімов президент Тоқаевтан кешірім сұрады

Мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетін бұрын басқараған Кәрім Мәсімов рақымшылық жасау туралы өтініш берді.Бұл туралы QAZYR.KZ informburo.kz — ке сілтеп хабарлайды.

Қазір Кәрім Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отыр.

«Ия,осы мекемеден ол 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдады, – деп растады ҰҚК.

Айта кетейік,Мәсімов 2022 жылы қаңтар оқиғасында ұсталған. 2023 жылдың 24 сәуір айында Астана соты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті ҚР ҚК 175-бабының 1-бөлігі мен 3-бөлігі бойынша, мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді және билікті асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға істі болған.

Ұқсас жаңалықтар

Тазалық пен тәртіп: Алматы ішкі мәдениетін көшеден бастап түземек

admin_qazyr

Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды

admin_qazyr

Түлкібас — Арыс учаскесінде жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетіп,опат болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz