Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Түлкібас — Арыс учаскесінде жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетіп,опат болды

Түркістан облысында жүк пойызының апатқа ұшырауына байланысты жолаушы пойыздары жолда тұрып қалды.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.

Түркістан облысында жүк пойызының вагондары жолдан шыққан жерде 21:00-дегі ақпарат бойынша мына жолаушылар пойыздары уақытынан кешігіп жатыр.
— №21 «Семей-Қызылорда» пойызы;
— №203 «Астана-Шымкент» пойызы;
— №22 «Қызылорда-Семей» пойызы;
— №46 «Түркістан-Павлодар» пойызы;
— №24 «Ақтөбе-Алматы» пойызы;
— №55 «Көкшетау-Қызылорда» пойызы;
— №87 «Алматы-Сарыағаш» пойызы;
— №78 «Маңғыстау-Алматы» пойызы;
— №30 «Атырау-Алматы» пойызы;
— №34 «Ақтөбе-Алматы» пойызы.

Қозғалыстың қалпына келтіру 26 маусым, таңғы сағат 04:00-ге жоспарланған. Жолаушылар тамақ және ауыз сумен қамтамасыз етіледі.Компания тарабы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, әрбір толық кешігу сағаты үшін жол жүру құнының 3%-ы мөлшерінде өтемақы төленетінін хабарлады.

– 2024 жылғы 25 маусымда сағат 19:20-да Түлкібас-Арыс учаскесіндегі Менлібай-Көктөбе қиын иінді аумағында жүк пойызының вагондары жолдан шықты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жүк пен жылжымалы құрамда өрт болмаған. Теміржолшылар осы учаскедегі қозғалысты қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, оқиға орнында Шымкент, Арыс және Тараз стансаларынан қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр. Жолдан шығудың алдын ала себебі — жеке вагонның доңғалақ жұбының осі сынғаны болуы мүмкін, – делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда букмекерлік бизнесті бақылау күшейеді: Бәс тігудің бірыңғай есепке алу жүесі қалай жұмыс істейді?

admin_qazyr

Қазақстанда «Үздік педагог» байқауы басталды

Redaktor Site

1980 жылдан кейін дүниеге келгендер зейнетақы алмайтыны рас па?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz