Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Экс-президенттің қызы Әлия Назарбаева сотта жеңіліп қалды

Кәсіпкерлердің үстінен жалған ақпарат тарттың деп сотқа берген,бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева сотта жеңіліп қалды.Бұл туралы QAZYR.KZ Kaztag.kz-ке сілтеп жазады.

Өткен жылдың ақпанында қазақстандық кәсіпкерлер Медғат Қалиев және Нұрлан Бимурзин ҚР бас прокуратурасына Әлия Назарбаеваны рейдерлік әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрап арызданған.

Осыдан кейін Назарбаева өзінің қорғаушылары арқылы,екі кәсіпкерге жалған ақпарат таратты деп үстінен арызданған.
Алайда сот құқық бұзушылықтың болмауына байланысты істі тоқтату туралы ұйғарым шығарды.

«Бізді қолдаған барлық жанашыр азаматтарға алғысымды білдіргім келеді. Аты үлкен болса да, заңды да әділ шешім шығарған сот жүйесіне ерекше алғысымды білдіремін. Арызымыз төрт ай бойы бір органнан екінші органға жіберілгендіктен, істің әділ аяқталуына үміт аз деп ойладық. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарағанда өткеннің жәдігерлерін емес, заңды басшылыққа алатынына сенімдіміз. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі біздің өтінішімізді қарайды деп үміттенеміз, оны ҚР ІІМ Алматы қаласы ТЖД процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберген», — деп бөлісті Бимурзин Kaztag.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Ұқсас жаңалықтар

Әлеуметтік желіде,екі егде жастағы ер адамдардың цехтағы сүтке шомылған бейнежазбасы тарады

redaktor_qazyr

Алматыда Career Day бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

admin_qazyr

Мектептегі жемқорлықты тоқтату үшін – комиссияны тоқтату керек

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz