Мәдениет

Фариза Оңғарсынова – Ақынды қайрау

Бір жоқтаушың бар сенің бұл ғаламда:
Сен қандай ма қиямет сында қалма,
Мүмкін сынап-өмірде тағдырыңның
Шуағы ылғи күлімдеп тұрмады алда.

Ауа-райың ұшырмай түнергенде,
Күле алмадың шаттанып күлер жерде.
Мүмкін жұртқа ұқсамас бітіміңмен
Өзің ұнай алмадың біреулерге.

Мүмкін кейде жаныңды жасқады үміт,
Семсеріңді сұққандай тасқа бүгіп,
Сен еленбей, сөз алды сенен гөрі
Өтімділеу, пысықтау басқа жігіт.

Жатырқады сені үйлер ақ шатырлы,
Сен есілер мінбеде басқа тұрды.
Мүмкін біреу өзі үшін тырысады
Сені әйтеуір мұқатып, ақсатуды.

Мейлі сені жатпасын көтермелеп —
Қанға дарын қоспайды бөтен көмек —
Мүмкін кейде налисың біреулердің
Су құюмен қолына өтем бе деп.

Мезгіл-бұршақ жаныңа салып таңба,
Қайратыңнан қайысып, налып қалма —
Сені іздейтін аға бар тарыққанда,
Інілер бар дем берер жабыққанда.

Бір ақиқат — бәрі бір жоғалмайсың
Жоғалмайтын жоқтаушың халық барда!

Ұқсас жаңалықтар

Бердібек Соқпақбаев

Redaktor Site

Сағи Жиенбаев

Redaktor Site

Алаш арыстарының 6 ұстанымы

redaktor_qazyr

Пікір жазу