Qazyr.kz порталы
Руханият

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Әдебиетіміздің аса дарынды өкілдерінің бірі, Алаштың дарынды ақыны, жалынды публицист, ағартушы, қуатты талант иесі, сыршыл да өршіл ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданында 1920 жылы 21 мамырда дүниеге келген. Алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұхан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды.

Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған. Ақынның жазушылық қызметі де тарихи дүрбелең кезеңде басталады. Оның ойына түрткі, бойына шабыт бітірген Ресейде 1905-1907 жылдардағы және қазақ даласындағы патшаға қарсы 1916 жылғы қозғалыстар, 17-ші жылғы Ақпан төңкерісі сол тұстағы саяси жағдай ұлттық сананың оянуына себепкер болған. Ақынның бел шеше жазу ісімен айналысқан кездері де осы бір шытырман жылдар еді.

1911 жылы жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Осы кезден ақындыққа ден қойып, 1912-1913 жылдар аралығында «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге», («Шәкірттерге»), «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Мағынасыз мешіт», «Жарлау», «Досыма хат», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Түсімде», «Жазғы қайғы», «Қымыз», «Кешегі түс пен бүгінгі іс», т.б. өлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста «Қамар сұлу» романын жазуды бастады. 1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан ақын «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?», т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1920 жылы 21 мамырда дүниеден өтті. Ақын бар жоғы 27 жыл ғана өмір сүрді.

Дереккөз: Арқалық облыстық 2 әмбебап ғылыми кітапханасы

Ұқсас жаңалықтар

Жүрек үні

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қадыр Мырза Әли

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz