Qazyr.kz порталы
Руханият

Ас-ауқат туралы мақал-мәтелдер

Нан — асалы,

Ана — адамның асалы.

***

Нан астығын жинаймын,

Елге астық сыйлаймын.

***

Ас атасы — нан.

***

Таңғы асты тастама.

***

Дастарқанның басында дұшпан да дос.

***

Атың барда – жер таны желіп жүріп,

Асың барда – ел таны беріп жүріп.

***

Берген ас түске жетпейді,

Ниет естен кетпейді.

***

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

***

Жарлының бір тойғаны шала байығаны.

***

Сыйласқанның суын іш.

***

Жейтін ауызды жемес ауыз байлайды.

Аштың ақылы астан әрі аспайды.

***

Шай ішіп үйренген, қымыз деп қыстамайды.

***

Тоқ адамды ұйқы басады,

Аш адамнан ұйқы қашады.

***

Нан бар жерде ән бар

***

Қазаныңа не салсаң,

Шөмішіңе сол ілінеді.

***

Дәнді шашпа, нанды баспа.

***

Алты күн аш болсаң да,

Атаңның әдетін тастама.

***

Нан — тамақтың атасы

Ынтымақ — көптің батасы.

***

Ертеңгі асты тастама,

Кешкі асқа қарама.

***

Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.

***

Атты қамшымен айдама, жеммен айда.

***

Ат адамның қанаты,

Ас адамның қуаты.

***

Өле жегенше, бөле же.

***

Ашқа қазан астырма,

Тоңғанға отын жақтырма.

***

Асы бар аяқтан аттама.

***

Жаманнан жарты қасық ас қалар.

***

Дүниеде тас қатты,

Тасты еріткен ас тәтті.

***

Күріштің мәнін май келтірер.

***

Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

Ұқсас жаңалықтар

Үнсіз ойлар

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

ҚАРБЫЗДАН УЛАНУДАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz