Qazyr.kz порталы
ҚазірРуханият

Мағжан Жұмабаев — Жазды күні қалада

Қала, рас, өнер-білім қайнаған жер,
Тұтқын ғып надандықты байлаған жер,
Егілген ескіде өнер ағашының
Жемісі, қызыл гүлі жайнаған жер.

Білемін, білсем-дағы көне алмаймын,
Қалаға шын көңілім бере алмаймын.
Қаншама өзімді өзім зорласам да,
Тән рақат, жаным шат боп жүре алмаймын.

Себебі, жыбырлаған жанын көрсем,
Бір еркін демалдырмас шаңын көрсем,
Әсіресе, өз еркіңмен жүргізбейтін
Құрылған қолайсыз тар заңын көрсем

Түседі сол мезгілде ойға дала,
Жүгірген жалаңаяқ шақта бала,
Шалқар көл, қалың орман, ну тоғайлар,
Жайнаған түрлі гүлмен кең-кең сала.

У-шу боп қыбырлаған төрт түлік мал,
Есетін солтүстіктен салқын самал.
Апырм-ай, қандай жауыз тағдыр деген
Бұйырған: «Тұтқын болып жат та қамал!»

Кең дала мұндағыдай емес тығыз,
Сапырып күнде ішетін сары қымыз.
Назбенен жылы жүзді, жұмсақ сөзді,
Ақ үйде әзілдескен әдемі қыз…

Білмеймін, дала естен шығар ма екен,
Даласыз көңіл шіркін тынар ма екен?!
Ежелден еркін заңға әдет қылған,
Tap заңды қала жанға ұнар ма екен?

Ұқсас жаңалықтар

Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы жылу желілері мен сумен жабдықтау жүйелерінің жағдайын тексеріп қайтты

redaktor_qazyr

Марфуға Айтқожина — Наурыз

redaktor_qazyr

Сыни материалдарды көрген министрліктер, әкімдіктер ақпаратты алдыртып тастауға күш салады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz