Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

«Монтайтаста ауыз су жоқтығы» туралы хабар таратқан журналистерге, әлдекімдер «Мақаланы өшір!» — деп сес көрсетіп жатыр

Айта кетейік осыдан 5 күн бұрын Түркістан облысы Арыс ауданы Монтайтас ауылдындағы ауыз су мәселесі бойынша Azatnews.kz журналистері ауылға келген еді.

Ауылда 1 айдан бері ішерге қара су таппаған тұрғындар,редакцияға хабарласқан болатын.Жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында сол ауылға дейін барып,ауыл халқы мен әкімдік арасында бетпе-бет сұхбат алды.

Сұхбат барысында ауыл тұрғыны өзінің көшесінің бас жағына жартылай тас жол төселіп,аяқ жағы жасалмай қалып кеткендігі туралы әкімге 4 жыл бойы айтып келе жатқандығын айтты.Сондай-ақ ауылда 1 айдан бері толыққанды ішерге қара су тапшы екенін айтып,әкімнің бетіне басты.

Ал ауыл әкімі,ауыз су мәселесі бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын,аяқсыз қалған тас жол мәселесі талқыланып жатыр деп қысқа қайырып сол жерден қоштасқан болатынбыз.

Осыдан кейін біздің журналистерге әлдекімдер хабарласып «Мақаланы өшіріп таста!»,-деп қоқан-лоқы көрсетіп жатыр.Үздіксіз түскен қоңыраулардан кейін,редакцияның байланыс нөмірлеріне хабарласу мүмкін болмай қалды.

Ұқсас жаңалықтар

Жауырынмен бал ашу

redaktor_qazyr

Жаз айында ақша табатын жастар қандай жұмыс істеп жүр?

redaktor_qazyr

Туған жылына қарап мінезін таны

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz