Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамРуханият

Comic Con Astana фестивалінде 100-ден астам қазақстандық автор өз жұмыстарын көрсетеді

Comic Con Astana фестивалінде 100-ден астам қазақстандық автор өз жұмыстарын көрсетеді.Бұл туралы QAZYR.KZ Comic Con Astana фестивалінің баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.

Фестивальге қатысушылардың арасында танымал қазақша дубляж студиясы бар 25-28 шілде аралығында Comic Con Astana фестивалінде тағы да талантты суретшілердің, кітап және комикс авторларының, иллюстраторлардың және креатив индустрияның басқа да бірқатар өкілдерінің жұмыстарының көрмесі – Авторлар аллеясы өтеді.

Сіз бұл алаңда дәстүрлі түрде арнайы керек-жарақтар, аниме, комикстер, кітаптар, қолөнер бұйымдары немесе ерекше тауарлар сатып ала аласыз. Туындылары көптеген жанкүйерлердің жүрегін жаулап алған танымал авторлардың да, жарқын дебютанттардың да қатысуы күтілуде.

Авторлар аллеясының жұмысына барлығы 100-ден астам автор қатысады. Олардың қатарында комикс және сториборд суретшісі Әлібек Қожагелдиев бар, ол фестивальде өзінің танымал «Біз суперқаһарман емеспіз» жұмысын көрсетеді. Комикс кездейсоқ үлкен күшке ие болған бесінші сыныпта оқитын екі оқушының хикаясын баяндайды. Достық пен махаббат туралы бұл ойнақы әрі әсерлі оқиға Comic Con Astana-2024 фестивалінде алғаш рет қазақ тілінде көрсетіледі.

Сонымен қатар, Әлібек «Мақта қыз бен Мысық» қазақ халық ертегісін интерпретациялайтын «Басқа Мақта Қыз» атты жаңа комиксті ұсынады. Әлібектің нұсқасындағы қазақтың жартылай мифтік сеттиңі сиқыр мен халықтың әдет-ғұрпын біріктіріп, жеңіл әзілмен көмкерілген. Оқырмандар Қаһарды ежелгі сиқырдан құтқару үшін қызық әрі қауіпті шытырман оқиғаларға аттанатын Ерке мен інісі Қаһармен танысады.

Әлібек бұған дейін Айсұлтан Сейітовтың «ҚАШ», Олжас Баялбаевтың «Взаперти», Нұрсұлтан Жұмабековтың «Пацанская история» және әлі жарық көрмеген Дәурен Қамшыбаевтың «Капитан Байтасов», Ерден Телемісовтің «Сасық» және тағы басқа фильмдерінің сюжеттік тақтасымен жұмыс істеген.

Көрермендерге таныс тағы бір қатысушы – оралдық суретші-мангашы, Kunsai студиясының негізін қалаушы Eri Kunsai лақап атымен танымал Ринат Ахмедияр болмақ. Ринат Besqonaq және «Дитя океана» туындыларын ұсынады. Besqonaq комиксінің басты кейіпкері – 1219 жылы Қыпшақ хандығында есінен айырылған Қайсар деген құл. Оның өмірі ауылдағы қайғылы оқиғадан кейін өзгеріп, ол мифтік жаратылыстар мен өткеннің құпияларына толы саяхатқа аттанады.

«Дитя океана» комиксінің синопсисі бұдан да жұмбақ көрінеді: «Теңіз толқындарының тербелісінде дүниеге келген бала ұзақ жылдар бойы шексіз мұхиттың ортасында жалғыз қалды. Бір күні көкжиекте белгілі бір таныс сұлба пайда болғанша, ол өзінің қарапайым өмірін мұхит мекенінде өткізуі керек еді».

Comic Con Astana-2023 авторлар аллеясына қатысушылардың бірі, белгілі қоғам қайраткері Ғалым Байтүк те өзекті жаңалығын бөлісті: оның авторлық SHOKAN комиксі жаңа деңгейге шықты және мультипликациялық форматқа бейімделеді. Оның жобасына «Қазақстан» РТРК телерадиокорпорациясы қызығушылық танытып, дәл қазір «Шоқан. Қашғарияға саяхат» жұмыс атауымен мультфильм жасау процесі жүріп жатыр. Анимациялық сериалды осы қыста Balapan балалар телеарнасынан көруге болады.

Еске сала кетейік, Ғалым Байтүк Comic Con Astana 2023 фестивалінде Шоқан Уәлиханов туралы комикстерін ұсынып, сарапшылар мен фестиваль қатысушыларының оң бағасын алған болатын. Комикс жаһандық комикс пен киноиндустрияның бір бөлігіне айналуға қабілетті Орталық Азиядан жаңа бірегей кейіпкерді жасауды мақсат тұтқан.

Фестивальге жоғарыда аталған авторлардан басқа тағы да Мағира Тілеубердина (Magnificum лақап атымен танымал суретші) қатысып, фестиваль қатысушыларына алғаш рет «Мерген» комиксінің барлық нөмірлерінің жинағын ұсынады. Комикс қазақ ертегілері мен аңыздарына негізделген, ол соғыстан оралған соң тыныш өмір іздеген, бірақ халқын тылсым жаулардан қорғап, қайтадан шайқасқа оралу керек болған Мерген есімді жауынгер хақында.

Бағдарламаға жаңадан қосылғандардың қатарында астаналық иллюстратор және график-дизайнер, Iskander Adal есімімен танымал Ескендір Жандәулет те бар. Ескендір өзінің алғашқы «QATYGEZ» комиксін ұсынады. Бұл – қоғамдағы әділетсіздікке соғыс ашқан қазақстандық тұңғыш анти-қаһарманының тарихы. Комикс қысымға толы атмосфераны сақтау үшін түнек және қараңғы стильде суреттелген және Жазалаушы, Макс Пэйн, Ақымақ-киллер сияқты кейіпкерлердің хикаяларынан шабыттанған.

Көптеген атышулы жобаларды қазақ тілінде дыбыстаған AT Production дубляж студиясының ұжымы да Авторлар аллеясында өз жобаларын ұсынады. Олардың қатарында «Тозақ жұмағы» және «Жұмыссыздың реинкарнациясы» сияқты анимелер бар. Студияның соңғы шығарылымдарының қатарында қазақ тілінде дубляждалған «Сиқырлы шайқастың» екінші маусымы бар.

Студияның «Сиқырлы шайқас» жобасынан кейін «Жігіттер» және «Ауатар: Соңғы ауа әміршісі» сериалдары, сондай-ақ «Джентльмендер» және көптен күткен «Веном 3» фильмімен жұмыс істеу жоспарланып тұр. AT Production-ның ең сәтті жобасы HDRezka сайтында қазақ тіліндегі дубляжда қолжетімді Netflix ірі стримиң сервисі бейімдеген One Piece сериалы болды. Айта кету керек, «Сиқырлы шайқас» HDRezka және фильмдер, сериалдар мен аниме көруге арналған басқа сайттарда да шығады.
Авторлар аллеясының тағы бір ерекше дебютанты қазақстандық Akiba аниме киім бренді болады, олар авторлық комикс шығаруға дайындалып жатыр және оны фестивальде таныстыруды жоспарлап отыр. Аттас комикс депрессия мен бизнестегі қиындықтармен күресетін қарапайым жігіттің әсерлі оқиғасын баяндайды. Басты кейіпкердің өмірі санасы ойдан шығарылған комикс кейіпкері Хироның денесіне ауысқанда өзгереді.

Бұл жұмыс мистицизм элементтерін және технологиялық құпияларды қоса отырып, шындық пен қиялдың тоғысуы тақырыбын зерттейді. Комикс кейіпкерлері өзара қарым-қатынастарын дамытады, олар бірге не болып жатқанын анықтауға тырысады, бұл олардың жеке өсуіне ықпал етеді. Олардың достығы мен ынтымақтастығы жаңа ашылулар мен шешімдерге әкеледі.

Сондай-ақ жобада ішкі жындармен және депрессиямен күресу, шындық пен қиял арасындағы шекараның болуы, сананы тасымалдауға байланысты құпиялар мен жұмбақтар қарастырылады.

Комикс күнделікті өмір элементтерін, мистицизм мен технологиялық құпияларды біріктіретін эмоцияға бай және қызық болады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Comic Con Astana – комикстер, кинематография, видео ойындар, аниме және қазіргі заманғы танымал мәдениеттің өзге де бағыттарына арналған халықаралық фестиваль.

2024 жылы фестивал хэдлайнерлерінің бірі «Ганнибал» сериалымен, сондай-ақ «Доктор Стренж», «Казино Рояль», Rogue One: A Star Wars Story, Indiana Jones and the Dial of Destiny фильмдерімен танымал дат актері Мадс Миккельсен болмақ.

Билеттерді Comic Con Astana ресми сайтында, сондай-ақ ticketon.kz және sxodim.com қызметтерін пайдалана отырып сатып алуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Буллинг дегеніміз не?

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz