Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Ақ арман

Ақ арман

Күлкің сенің үмітімді жалғайтын,
Көзің сенің көңілімді арбайтын.
Сезім толы лүпілдеген жүрегім,
Сүйсінуден ары қарай бармайтын.

Жүргенімде өзіңе арнап гүл жинап,
Үлгересің қуаныш пен мұң сыйлап.
Сипаттауға жәй-күйімді жетпейді,
Жүз өлеңмен жазылмаған мың шумақ.

Сұлулықтың тамшысынан жаралған,
Қол созсам да жеткізбейтін ақ арман.
Тұла бойым дір етеді сен десе,
Махаббатым қызыл қанмен таралған.

Тағы келші,жаным менің,тағы да,
Көңілімнің құлпыратын бағына.
Гүлін көрші сыйлап тұрған жүрегім,
Айырбастап алған қолда барына.

Татырмаса тағдыр сезім шекерін,
Мазаласа жалғыздықта бекер мұң.
Бұйрық сондай болса егер жазылған,
Мына өмірден сенсіз де мен өтермін.

Басып алып өне бойды бір қайғы,
Жұлқылайды сағыныш та тұрпайы.
Тыныштықта ишараны ұқпайтын,
Кімге айтам кеудедегі сыр жайлы?

09.01.2017ж
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Түркістан облысында жаңа су қоймасы салынып жатыр

redaktor_qazyr

Шөмішбай Сәриев

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz