Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Фариза Оңғарсынова

Қателескен екенмін. Бір-ақ рет.
Өкініштен өртен де жыла, жүрек.
Әр қадамды мысықша аңдамаппын,
Айыптаңдар, қайтемін, кінәлі деп.

Өкпелеңдер бұлалау қылығыма,
қондырмаңдар талпынған тұғырыма.
Бұның бәрі түк емес, ал өзімнің
өкінішім жетеді ғұмырыма.

Кінәм жоқ деп ақиқат қарғанбасым,
Сыздатып тұр жүректі ар — қорғасын.
…Қателесу керек те шығар, мүмкін,
Кешіре алар бір жандар бар болғасын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қасым хан және оның жорығы

Redaktor Site

Үзілген гүл

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz