Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Сағынышым-ау

Сағынышым-ау

Жүрегім мұздап,
Терең із қалған.
Келеді күз де,
Өтеді жалған.
Жаураған жаным жаздыгүнді аңсап,
Бақтарда жүрер гүл үзіп алған.

Атады таңдар,
Салқындап денем,
Сағынышым-ау оғанда көнем.
Көңіл сен үшін алаңдайды екен,
Осы ма әлде ғашықтық деген?!

Қыстан да xабар жақын сияқты,
Шық сипап жатыр жасыл қияқты.
Дірдектеп тоңған қара көздердің,
Соңғы кездері жасы жиі ақты.

Үмітке ұқсап желі боп өктем,
Орнайды әлі белі көк көктем.
Шуаққа шығып жадырап қалар,
Қуаныш әні жұмыр ет төккен.

Өтеді күндер жаз,жидек терген,
Қоштасып өмір қаз-үйректермен.
Қалады бәрі құлазып тағы,
Тағдырдай қиық аз иректелген!!!

Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Әділдікті мойындау — адал кісінің ісі

redaktor_qazyr

Ашықтық пен жариялылық: Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу қалай өтті?

redaktor_qazyr

Билл Гейтстің өмірбаяны

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz