Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Ақ қызға

Ақ қызға

Сен күлсең,көңіліме көктем орнап,
Ақша бұлтты сыйлар-ем көктен ұрлап.
Бұ,заманның Мәжнүнні мен болармын,
Сені ғана өмірден өткен жырлап.

Кезеңдерден алшақтап кеткен жырақ,
Естеліктер оралды шөккен бұлап.
Ақ пен қара алмасқанда қынжылтады,
Сытырлата сананы сөккен сұрақ.

Үміт болып алыстап уақыт-сағым,
Бақтан жиі іздейді бақыт тағын.
Төзімді сағынышта тауысуда,
Сарғайған күзге айналтып,сарқып бәрін.

Сен емессің,білемін,анау елес,
Сенсіз өткен мезетті санауда ес.
Жараланған жүректі жаза алатын,
Сезім деген түсінші,жамау емес…

Сен күлсең,көңіліме көктем орнап,
Ақша бұлтты сыйлар-ем көктен ұрлап.
Бұ,заманның Мәжнүнні мен болармын,
Сені ғана өмірден өткен жырлап.

04.08.2016ж Алматы
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Өтеген Нұрмағамбетов

Redaktor Site

Әбу Насыр әл-Фараби

Redaktor Site

Түркістан облысында қоқыс қалдықтарын өңдейтін зауыт салу жобасы қарастырылып жатыр

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz