Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Өлең: Түн самалы

Түн самалы

Өмірдің мәні ме едің?
Көңілдің бағы ма едің?
Жүрегің тас секілді,
Сағынбайсың…

Зымырап тағдыр теңсіз,
Өтеді ғұмыр сенсіз.
Тізгіндеп тірлік алса,
Бағынбайсың…

Ақ үміт іздейсің де,
Көктемді күз дейсің бе?
Жалғыздық жұлқыласа,
Жабырқайсың…

Бір күліп,мың жылайсың,
Жанымды мұң санайсың.
Еске алсаң өткен күнді,
Күрсінесің…

Шілденің самал желі,
Сананың жаңа лебі.
Кеудемде тулап алып,
Жыр сіңесің!!!

30.07.2024
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

«Ешқандай хабар жоқ»Шымкентте таксиге мінген 18 жасар студент қыз,правасын алуға кеткен 20 жастағы жігіт:«Камералар қайда?»

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz