Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Өлең: Түн самалы

Түн самалы

Өмірдің мәні ме едің?
Көңілдің бағы ма едің?
Жүрегің тас секілді,
Сағынбайсың…

Зымырап тағдыр теңсіз,
Өтеді ғұмыр сенсіз.
Тізгіндеп тірлік алса,
Бағынбайсың…

Ақ үміт іздейсің де,
Көктемді күз дейсің бе?
Жалғыздық жұлқыласа,
Жабырқайсың…

Бір күліп,мың жылайсың,
Жанымды мұң санайсың.
Еске алсаң өткен күнді,
Күрсінесің…

Шілденің самал желі,
Сананың жаңа лебі.
Кеудемде тулап алып,
Жыр сіңесің!!!

30.07.2024
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Міржақып Дулатұлы

Redaktor Site

Мұқағали Мақатаев — Бауыржан Момышұлына

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz