20.3 C
Шымкент
18-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапҚоғам

Сақал туралы оқиға

Етеректе қалада өнер жағын жағалап жүрген бір досым өзінен үлкен әріптестеріне еліктеді ме білмедім,бір күні ауылға мұрты жоқ сақал қойып келіпті.Ауылда сайқымазақ бір ағамыз әлгіге қарап;

-Әй бала,сен мұрты жоқ сақалы бар текесің бе,-деп жанындағы елді күлкіге қарық қылғаны бар еді.
Содан кейін әлгі жігіт сақал қоймады.Бірақ,мұртын өсіріп жүрді.

Жақында көптен бері көрмеген бір танысыммен кездесіп әңгімелесіп қалдым.
Сөз арасында танысым;
-Жақында өнер жағында жүрген таныс бір сайқымазақ жас жігітпен кездесіп қалдым.Өзі сақал қойып алыпты.Әлгіге жақындап келіп амандасып,
-балам уақытында естімей қалған сияқтымын, әкеңнің арты қайырлы болсын,жатқан жері жайлы болсын деп көңіл айттым.
Әлгі бала шошып кетіп,
-не айтып тұрсыз әкем тірі ғой деп түсі бұзылып кетті.
-Қайдан білейін,қазақта әкесі тірі бала сақал қоймайды деуші еді.Сақал қойғаныңа қарап,әкесі бақилық болып кеткен болар деп көңіл айтып жатқаным ғой дедім.
Содан кейін әлгі бала сақалын алып тастапты.Қәзір сақалы жоқ деп бір күлдірген еді.
Көрінгенге еліктеп, иегіне шошайтып,ұсқынын кетіріп жүрген жастарды көргенде бойымда бір жиіркеніш сезімі пайда болады.
Осындайда жастар, «жақсыдан үйрен,жаманнан жирен»деген аталы сөзді есінен шығармаса деп ойлаймын.

Авторы: Өмірбай Сабыров

Ұқсас жаңалықтар

Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында «Теңге ілуден» алтын медалді жеңіп алған Монтайтастық чемпионды ауылдастары мен округ әкімі құшақ жайып күтіп алды

redaktor_qazyr

Ақ қызға

redaktor_qazyr

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы дінге қатысты жазбасынан кейін,әлдекімдер қорқытып жатырғандығын айтты

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz