Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

STEAM Tulpar: Оңтүстік Қазақстанға ғылыми саяхат

STEAM Tulpar жобасы Қазақстан өңірлерінде ғылыми-білім беру бағытын дамытуды жалғастыруда. Жазғы тур аясында команда елдің оңтүстік өңірлерін аралап, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарын, сондай-ақ Тараз, Шымкент, Түркістан және Қызылорда қалаларына жолықты.

Сапардың негізгі мақсаты – STEAM білім беру идеяларын ілгерілету және ғылымның әрбір бала үшін қолжетімді, қызықты әрі тартымды бола алатынын көрсету. Жазғы кезеңде — демалыс уақытында балаларға ерекше назар аударылды, өйткені бұл уақытта оқушылар үшін пайдалы әрі дамытушы іспен айналысу аса маңызды.

Іс-шаралар барысында қатысушылар практикалық тәжірибелер, инженерлік тапсырмалар және интерактивті белсенділіктер арқылы ғылым әлеміне тереңірек бойлады. Мұндай формат балалардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларды өз тәжірибесі арқылы таным процесіне белсенді түрде тартуға мүмкіндік берді.

STEAM Tulpar-дың жазғы форматы ерекше атмосфераға ие болды — бұл жай ғана сабақ емес, қатысушыларға жарқын эмоциялар сыйлайтын нағыз ғылыми саяхат.

«Жазғы кезеңде STEAM Tulpar форматы өте қызықты, жарқын, қарқынды әрі ерекше болып келеді. Мектептерді аралап, балалар мен ересектердің көзіндегі қуанышты көргің келеді, алайда бірден барлық мектептерге жолығу мүмкін емес»,  — деп атап өтті жоба жетекшісі Икласов Марғұлан.

«STEAM Tulpar — оқушылардың ғылымға, технологияға және инженерлік ойлауға деген қызығушылығын арттыратын маңызды бастама. Осындай жобалар жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытып, заманауи білім мен тәжірибе арқылы болашаққа сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді». — директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, Аймұратова Ғайни Әбдіжанқызы.

STEAM Tulpar өз миссиясын жалғастыра отырып, ғылымды насихаттап, балалардың сыни ойлауын дамытып, оларды жаңа білімге ұмтылуға шабыттандырып келеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Путин:«Жақын арада Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында үш орыс мектебі салынады деп сенеміз»

redaktor_qazyr

Батыс Қазақстанда заңсыз жер сатқандар құрықталды

Redaktor Site

Мемлекеттік білім ордасындағы директорлар неше жылда ротацияланады және не үшін ротациялануы керек?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz