Qazyr.kz
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы дінге қатысты жазбасынан кейін,әлдекімдер қорқытып жатырғандығын айтты

«Журналистің айтуынша, белгісіз ер адам жекесіне шығып, боғауыз сөздер айтқан. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жариялады.»,-деп хабарлайды QAZYR.KZ тілшісі.

“ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК мынаны жазалауларыңызды сұраймын?! Мынадай салафит маған жекеме шығып, қоқан-лоққы жасауда. Ашық түрде. Белгілеңіздерші құзырлы орындарды?!”, — деп жазды ол.

Айта кетейік,осы жазбадан бұрын Париж 2024 Олимпиадасының «Алтын» жүлдегері Елдос Сметовтің әлеуметтік желіде туыстарының арасында: «Олимпиадада дұғамның қабыл болғанын сезіндім. Қарсыластарым көзіме кішкентай болып көрінді» деп айтқан видеосы тараған болатын.Осы видеодан кейін белгілі журналист:

«Қараңғы пенделерді жек көрем! Қазақ болыңдар! Өзіміз тарыдай шашылған аз қазақпыз! Рухымыз онсызда әлсіреп барады. Әсіредіншілдерді саңырауқұлақша қаптатқандардың мұрты да қисайған жоқ. Олар жастардың саналарын улап шетел қашты. Мына қарапайым сендердің балаларың зардап шекпесін деп шырылдап жүрмін. Енді қалмағаны жас балалардың санасын улап, ұлтымызды тұздай құрту еді… Оған жол бере алмайды екенмін!Журналист мамандығын алғанымда ұстазым Камал Смайловқа: «Ақиқатты ғана жазамын. Қарапайым халықтың сөзін сөйлеймін» деп серт бергенмін. Осы уәдемде тұру парызым! Менің міндетім — Қазақ деген ұлтымды сақтап қалу! Бір алтын әкелді екен деп, мыңдаған баланың балағын қысқартып, сақалын ұзартып, ертеңгі күні өз халқыма қарсы шығартып ала алмайды екенмін! Қай-қайсыңа да айтарым осы: Елдің алдында жүрсің бе? Тыныш жүр уағызыңды айтпай, жастардың санасын әсіредінмен уламай! Әншісің бе? Әніңді айт! Спортшысың ба? Жаттықтыр!», — деп жазған болатын әлеуметтік парақшасында.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаштық тұрғын,үйінің ауласында арыстан мен жабайы құстарды асырап келген

redaktor_qazyr

Өзбекстан қауға сақалдылармер күресіп жатырса,Ауғанстан көсе ерлерге шүйлігіп жатыр

redaktor_qazyr

Елімізге танымал әнші, Қытайдың Чанша қаласында өткен I am a Singer байқауының финалында 2 орын иегері Димаш Құдайберген,жақында қайтыс болған атасына арнап,Instagram парақшасында жазба қалдырлы.

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты