Qazyr.kz порталы
Қоғам

Ордабасыдағы ашық әңгіме: Халықтың ұсынысы Президент кеңесшісіне тікелей жетті

кездесу

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барып, Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесті, деп жазады Qazyr.kz.

Кездесу Темірлан ауылындағы «Өнер» мектебінде өтті. Шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, жастар және мәдениет саласының мамандары қатысты.

Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған саяси реформалардың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Кездесуде Ордабасы ауданының құрметті азаматы Жүсіп Лесбек, «Ордабасы оттары» газетінің редакторы Ғалымжан Зиябек, аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Әділет Әбухайыров пен білім саласының өкілі Рүстем Үсенов сөз алып, ел мен қоғам дамуына қатысты өзекті мәселелерге пікір білдірді.

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев елде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік реформалардың негізгі мақсаты – мемлекеттілікті нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттыру және әділетті қоғам орнату екенін жеткізді. Сондай-ақ ол тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, ел дамуына қатысты ойларымен бөлісті.

Жиын аясында аудан өнерпаздары патриоттық әндерден құралған мәдени бағдарлама ұсынды.

Бұл кездесу жергілікті тұрғындар мен билік өкілдері арасындағы ашық диалог алаңына айналып, қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда TikTok бұғатталмайды

redaktor_qazyr

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданындағы абаттандыру жобаларымен танысты

admin_qazyr

Еуропалық барлау агенттіктері: 2028 жылы Ресей ЕО-ға шабуыл жасауы мүмкін

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz