18.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамМұнай-газ саласы

Вконтакте,телеграм бағдарламаларын жасаған программист Павел Дуров Францияда қамауға алынды

Вконтакте,Телеграм әлеуметтік желілерінің негізін қалаушы,әрі бағдарламашы Павел Дуров 24 тамыз күні кешке өзінің ұшағымен Францияның Ле Бурже әуежайына қонғанында ұсталды.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.Дуровтың қамауға алынғаны туралы шетелдік ақпарат агенттіктері де жазды, соның ішінде француздық TF1 телеарнасы хабарлады.

Ресейлік миллиардерді не себепті тұтқындады?Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Дуровтың елдің құқық қорғау органдарымен жұмыс істеуден бас тартуы, сондай-ақ Telegram желісіндегі контенттің жеткілікті модерациясының болмауы себеп болған екен. Осыны ескере отырып,Дуров мессенджерде орын алған заңсыз әрекеттерге, атап айтқанда: Есірткі тасымалына, терроризмге, балалар порнографиясын таратуға, алаяқтыққа және қылмыстың басқа да түрлеріне қатысы бар деген күдікке ілінді.

«Ол өз бағдарламасында әр түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың орын алуына жол берді, және бұл мәселеде ынтымақтасу үшін құқық қорғау органдарымен бірлесе ештеңе істемеді», — деді TF1 дереккөзінің айтуынша.

Айта кетейік,Павел Дуров 1984 жылы 10-ыншы қазанда Ресейдің Ленинград облысында дүниеге келген.Ол Ресейдің Санкт-Петербург атындағы мемлекеттік университетінде филология мамандығын бітірген.Ол ең танымал кәсіпкер әрі бағдарламашы.Вконтакте,Телеграм платформаларының негізін қалаушы.Ол Ресей,Франция,Сент-Китс және Невис,Біріккен Араб әмірлігінің азаматтығын алған.Қазір программистің қоржынында 15,5 миллиард доллар бар.

Ұқсас жаңалықтар

Жемқорлыққа төзбеушілік – әрқайсымыздың міндетіміз» – Елнұр Бейсенбаев

redaktor_qazyr

Қазақстанда АИ-95 маркалы бензин тапшылығы 2024 жылдың басында болмайды

redaktor_qazyr

Париж 2024 олимпиадасының жеңімпазы дзюдошы Елдос Сметовқа кәсіпкер 100 бас жылқы бермек

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz