Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Маңғыстау облысында ағайынды бауырлар жоғалып кетті

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қыркүйектің 11-і күні сағат 10:00-де үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған 2 жасөспірімді іздестіріп жатыр,  деп хабарлайды Qazyr.kz. 

Мұнайлы ауданы Атамекен ауылы Азамат көшесіндегі 383 үйдің тұрғындары Асылбек Отабекұлы мен Руслан Отабекұлының іздестіріліп жатқанына 1 аптаға жуықтады.

Асылбектің үстінде сары футболка, қара түсті трико, арқасында қара түсті сөмкесі бар.

Ал інісі Русланның үстінде ақ футболка, қара түсті трикосы бар.

Бойлары–155, 160 см. Арық денелі. Шаштары қысқа.

Ұқсас жаңалықтар

Мектеп оқулықтары цифрлық форматқа көшеді

redaktor_qazyr

Алматыда 24-26 тамызда «AR Cup 2024» халықаралық балалар футбол турнирі өтеді

redaktor_qazyr

Қырғызстанғы тасқын салдарынан екі қазақстандық азамат көз жұмды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz