Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Ханбибі Есенқарақызы

Той болады. Көл-көсір той болады,
Киіз үйге толтырып айналаны.
Сол ауылдың баласы батыл сөйлеп,
Сол рудың ақыны бәйге алады.

Көңіліңді көп жайға бұрғызады,
Өтірікке шындықты ұрғызады.
Дай-дай болып бөлінген рушылдар
Бір ауылға үш мешіт тұрғызады.

Іске батыл болғанмен, ойға шорқақ,
Емес пе еді жақсының аты да ортақ.
Бөлінуге келгенде бәрі шебер,
Бірігуге келгенде бәрі жалтақ!

Отырғызып дербес ел талшыбығын,
Аяласақ жарасар ән шыбығын.
Ірі қазақ болуға, кім білдірер,
Ұлы қазақ болуға қарсылығын.

Сүйінетін дос түгіл, жатымыз да,
Өрге қашан домалар тасымыз да.
Асқындырып ауруды алсақ бүгін,
Көнбейді ертең көздегі жасымызға!

Ұқсас жаңалықтар

Әйел сенің ақылшың

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Дина Төлепбергенге қатысты

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz