Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Ақберен Елгезек — Бір шумақ поэзия

Көктемнің жұпарлы түндерінен,
Көк белдің сиқырлы гүлдерінен,
Құстардың бақытты үндерінен,
Ғұмырдың жақұтты күндерінен,
Наурызға асыққан ақпанымнан,
Көк таудың ақ көңіл ақ қарынан,
Шаһардың таң алды оттарынан,
Тарихтың балауса шақтарынан,
Нәп нәзік көбелек қанатынан,
Аспанның ең жұқа қабатынан,
Мамырдың алғашқы сағатынан,
Төзімнің ең соңғы тағатынан,
Өтіп кеткен кешегі бір күнімнен,
Найзағайлы сеңгірдің күркірінен,
Адамзаттың жоғалған бір тілінен,
Әлемдегі сөздердің түртүрінен,
Мойындағы тамырдың бүлкілінен,
Жанарымды қоршаған кірпігімнен,
Шілдедегі жап жасыл жапырақтан,
Көлеңкелер созылған атыраптан,
Тәңір мені жаратқан топырақтан
Саған өлең өріп берейін бе, жаным?!.

Ұқсас жаңалықтар

Күлаш Ахметова

Redaktor Site

Бүйрек ауруының басты белгілері

Redaktor Site

Байділдә Айдарбек-Ақ орамал

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz