Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Фариза Оңғарсынова

Өлең жазам өзімше данышпансып,
Жандай менен басқаға намыс таңсық.
Жарамаймын сөйтсем де құлап жатқан
Саз-балшықтан алуға танысты аршып.

Теңдесі жоқ ойшылмын, сөзім – дана,
«Ұсақталма» – айтарым, — «төзім жама!»
Басқаға ақыл беруде, сын тағуда
Менен мырза адам жоқ – өзім ғана!

Жүрсем деймін жұрт жетпес бағаны алып,
Қарсы келмес өмірде маған анық
Біреулерді жинап ап айналама,
Көсем болып отырам дараланып.

Ұнағым кеп тұрады көпке менің,
Сезгіш, сырбаз ортаға беттемедім.
Ойы терең, дана ақыл жанар көрсем,
Құтым қашып, ішімнен жек көремін.

Салмақтымын – қопарсын неше сен кеп,
Маған жақын жүргендер есесі өрлеп.
Көмей көргіш ортада жақ ашпаймын,
Талғап айтар дана адам десе екен деп.

Өкпелімін халқыма жүрмей түйреп
Мен секілді тұлғаны Күндей сирек
Тас төбеңе шығарып, хан көтеріп,
Тайраңдатып қоюды білмейсің деп.

Көре тұра жандарды еңбегі шың,
Кердеңдеймін еректей елден ісім.
Қалу үшін Адам боп, өз кеудемнің
Менмендігін баса алсам – сол жеңісім!

Ұқсас жаңалықтар

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Redaktor Site

Жаңбырмен бірге жылап тұрғанымды

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz