Qazyr.kz
БілімМәдениет

Қайырбек Шағыр

Әйел деген ән салғанда – әдемі,
Әлденеге тамсанғанда – әдемі.
Қимай ғана қоштасқанда – әдемі,
Қуанышпен қарсы алғанда – әдемі.

Тана көзі жалт еткенде – әдемі,
Ақ білегі жарқ еткенде – әдемі.
Көрген жанды өнегелі, ибалы
Қылығымен тәнті еткенде – әдемі.

Әйел деген мәз болғанда – әдемі,
Көктем келіп, жаз болғанда – әдемі.
Алма бетін аяз сорса – әдемі,
Кірпігіне қар қонғанда – әдемі.

Әйел деген гүл атқанда – әдемі,
Ұнағанда, ұнатқанда – әдемі.
Мөлдіреген жанарынан кей кезде,
Жалғыз тамшы құлатқанда – әдемі.

Жүгіргенде не жүзгенде – әдемі,
Нәрестесін емізгенде – әдемі.
Қонағына дастарханын мол жайып,
Дәмді асынан жегізгенде – әдемі.

Өзін біреу мақтағанда – әдемі,
Арын адал сақтағанда – әдемі.
Іштей ғана ғашық болып біреуге
Сыр ашуға батпағанда – әдемі.

Түнде кейде күндізден де әдемі,
Сүйгеніне сүйгізгенде – әдемі.
Бәрінен де ақ маңдайын сәждеге
Таң бозынан тигізгенде – әдемі…

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Ауылды аңсағанда

Redaktor Site

Бокстың шығу тарихы

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты