Qazyr.kz порталы
ҚазірРуханият

Астанада Әбілахат Еспаевқа арналған музыкалық кеш өтті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында көрнекті композитор, әндер мен романстардың авторы Әбілахат Еспаевтың 100 жылдығына орай «Ә. Еспаев – ән жанрының шеңберін кеңейткен композитор» атты музыкалық кеш өтті деп хабарлайды Qazyr.kz

Іс-шараға композитордың қыздары Гүлмира мен Гүлсім, өнертанушылар мен мәдениет майталмандары, зиялы қауым өкілдері және кітапхана оқырмандары қатысты.

Музыкалық кеш аясында «Ән әлемінің Әбілахаты» атты ақпараттық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге композитордың өмірі мен өнер жолы жайында жиырмаға жуық кітап пен ноталар жинағы, мақалалар, сондай-ақ автордың әндері жазылған күйтабағы қойылды.

Әбілахат Еспаев қазақ музыкасының түрлі жанрында 250-ге жуық туынды жазды. Оның 1942 жылы жазылған алғашқы әні «Туған ел» және «Маржан қыз», «Жастар мерекесі», «Шофер келді қырманға» әндері кеңінен танымал.

Сондай-ақ «Ұстазым менің, ұстазым» әні ұстаздар қауымының әнұранына айналып, 1960 жылы Алматыда өткен мұғалімдер құрылтайында орындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Сапарғали Бегалин

Redaktor Site

Украинада басына оқ тиіп жарақат алған қазақ журналисі Айдос Садықов өмірден өтті

redaktor_qazyr

Түркістан облысының халқы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz